7 қарашада Тоқаев пен Путин Омбыда кездеседі


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Омбыда кездеседі, деп хабарлады Ақорда.


Биылғы 7 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласында өтетін «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.


Форум аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады, сондай-ақ, жоғары технологияға арналған көрмені аралап көреді деп жоспарлануда.