"Altyn samǵaý-2019" спорттық жүлдесінде Токио олимпиадасына 2 жолдама ойнатылады


30 қарашада Нұр Сұлтанда спорт маусымын қорытындылайтын дәстүрлі «Altyn Samǵaý-2019» Ұлттық Спорттық жүлдесі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.


Кеш қонақтары «Ninety One», «Молданазар» топтары мен НаZима, Қуандық Рахым және басқа да қазақстандық әншілердің өнерін тамашалайды.


Шарада 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 2 жолдама ойнатылады. Жолдаманы 2020 жылғы Токио Олимпиадасына билеттерді тарату жөніндегі Қазақстан Республикасындағы ресми агенттік халықаралық "Complete Service" туристік компаниясы ұсынады.


Төрткүл дүние көз тіккен төрт жылдықтың басты бәсекесі саналатын Олимпиада ойындарына жолдама салтанатты кештің көрермендері арасында сатып алған билеттер бойынша ойнатылады. Айта кетерлігі, билеттер 30 қазаннан бастап сатылымға түсті. Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.


Онда #teamKZ-тің шынайы жанкүйерлеріне өздерін ұлттық құрама мүшесі сезініп, спорт саңлақтарымен емін-еркін кездесіп, әңгіме өрбітуге, салтанатты шараны сүйікті спортшыларымен бірге тамашалауға зор мүмкіндік беріледі.