Бельгия соты Александр Винокуровты ақтап шықты


Кәсіби велошабандоз Александр Винокуров сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзіне тағылған істі жеңіп шықты. Бельгия соты оның кінәсіз екендігін мойындады.


«Мен өте қуаныштымын, ақыры бұл мәселеге нүкте қойылып, сот әділ шешім қабылдады. Біз тек болашаққа ұмтыламыз! Біз биылғы маусымды сәтті өткіздік, алайда әлі алда жұмыс пен жоспар көп!,-деп жазды Винокуров Instagram парақшасында. 


Естеріңізде болса, 10 қыркүйекте Бельгия прокуратурасы бұрынғы кәсіпқой қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров пен ресейлік Александр Колобневті жемқорлыққа қатысы бар деп танып, 6 айға бас бостандығынан айыруды, сонымен қатар, прокуратура Винокуровты 100 мың еуро, Колобневті 50 мың еуро айыппұл салуды, сондай-ақ ресейлік банктік шоттан алынған 150 мың еуроны тәркілеуді талап етті.


Спортшылардың адвокаттары сыбайлас жемқорлық туралы айыптарды банкроттық деп атағандықтан, олардың клиенттері ақталуын сұрады.


«Астана» командасының спортшысы Винокуров пен «Катюша» командасынан Колобнева 2010 жылдың сәуірінде Льеж - Бастогне - Льеж веложарысы кезінде жемқорлыққа жол берді деп айыпталды.


Прокуратура Венокуровты ресейліктер жарыстың соңында алға өткізіп жіберу үшін 150 000 евро төледі деп санады. Дәлел ретінде 2010 жылдың шілде-желтоқсанындағы спортшылардың хат-хабарлары мен 100 мың және 50 мың еуро көлеміндегі ақша аударымдары ұсынылған.