Тергеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Тергеу департаментінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды ведомостваның баспасөз қызметі.


Президент Әкімшілігінің келісімімен полиция полковнигі Санжар Әділов ІІМ Тергеу басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.


Санжар Әскенұлы Әділов 1977 жылы туған. Ішкі істер органдарында - 1999 жылдан. Жоғары лауазымдарда мол тәжірибеге ие. Осы жылдар ішінде ол ішкі істер органдарының тергеу бөлімдерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ІІМ тергеу басқармасында жұмыс істеді.


2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары қызметін атқарған.


Сонымен қатар, Көліктегі полиция департаментіне полиция полковнигі Бекеев Оңал Ботаұлы тағайындалды.


Бекеев 1975 жылы туған, Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Ішкі істер органдарында әр түрлі қызметтер атқарған. Бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қалалық Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.