Әлемдегі барлық қазақ ұлты өкілдеріне арнайы құжат беріледі


Омбыда өтіп жатқан аймақаралық ынтымақтастық бизнес-форумында қазақ ұлты өкілдерін қолдау бағдаламасы таныстырылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.


«Отандастар» қорының бірінші вице-президенті Талғат Адуов Қазақстанда барлық әлемдегі қазақ ұлты өкілдерін қолдау мақсатында арнайы жоба жасалып жатқанын айтты. Жоба аясында қазақтарға Қазақстан Республикасындағы құқықтарды қолдана (саяси құқықтардан өзге Қазақстан азаматтарына берілетін құқықтар) алатын арнайы куәліу беріледі. Саяси құқықтарға қоғамдық ұйым құру, сайлауға қатысу және шерулер мен митингтерге қатысу жатады(бұл құқықтар берілмейді).


Қор келесі жылы этникалық қазақтармен жолығып, бағдарламаның мүмкіндіктері туралы айтады.


XVI форум Ресей-Қазақстан аймақаралық ынтымақтастық форумы Омбыда 6-7 қарашада өтеді. Форумға Қазақстан және Ресей президенттері қатысады.