Jýsan банкіне жаңа басшы тағайыдалды


Jýsan Bank АҚ Директорлар кеңесінің кезекті жиналысында Қайып Айбек Төребекұлы банк басқармасының жаңа төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.


"Қайып Айбек Төребекұлы мырзаның мол тәжірибесі мен білімі Jýsan Bank-тің одан әрі дамуына, елдің озық технологиялық қаржы институттарының біріне айналу жөніндегі стратегияның іске асырылуына көмегін тигізетініне үміттенеміз", - деп, атап өтті «First Heartland Jýsan Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу мырза.


Сондай-ақ, ол банктің бұрынғы төрағасы Пірматов Бекжан мырзаға жемісті жұмысы үшін алғысын

білдіре отырып, Jýsan Invest АҚ басқарма төрағасы қызметіне ауысуына байланысты сәттілік тіледі. Онда Пірматов мырза өзінің бар күшін жеке банк қызметтерінің жаңа перспективалық бағыттарының дамуына үлесін қоспақ.


"Мен акционерлер мен Директорлар кеңесіне рахметімді білдіремін және маған көрсетілген сенімді жоғары бағалаймын. Jýsan Bank өзінің дамуын әрі қарай жалғастырмақ. Алдыңғы қатарлы технологияларды дамытуға, ұсынылатын қызметтерді кеңейтуге, сервисті жақсартуға, сондай – ақ, корпоративтік, ШОБ және бөлшек бизнес секторындағы несиелік қоржынның сапалы өсуін одан әрі белсенді түрде күшейтетін болады", - деп атап өтті Қайып Айбек мырза.


Бұдан бұрын, Қайып Айбек мырза Jýsan Bank Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, онда проблемалық активтермен жұмыс істеу бағытына жетекшілік етті. ҚР банк секторында үлкен тәжірибесі бар, талдаушы мамандығынан бастап жоғары буын жетекшісі қызметіне дейін жеткен.


Қайып Айбек Дюрхэм Британдық университетінің (Durham University) экономика бакалавры, сонымен қатар Лондон экономика мектебінің Қаржы және бухгалтерлік есеп (London School of Economics and Political Science) саласындағы магистр дәрежелеріне ие.


2010 жылдан бастап қаржы жүйесінде жұмыс істеп, HSBC банкінде ресурстар мен энергетика секторының талдаушысы қызметін атқарған болатын. Сондай-ақ Сбербанк Ресей банкінің жетекші менеджері болып жұмыс істеген.


2016 жылдан бастап инвестициялық және қаржы компанияларында басшылық қызметтерін атқарды. 2018 жылы First Heartland Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы, ал 2019 жылы Jýsan Bank Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.