Қордайдағы ірі жол апаты: 11 адамның өліміне себеп болған автобус жүргізушісі сотталды


Қордайдағы бірнеше көлік соқтығысқан жол апаты кезінде он бір жолаушының өліміне кінәлі деп танылған автобус жүргізушісі сотталды.


Жүргізуші ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен, яғни, көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан бұзуы бойынша айыпталды.


«Қордай аудандық соты жүргізушінің шынайы өкінгенін, тұрғылықты жері бойынша жақсы мінездемесі бар болғанын, бұрын сотталмағандығын қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқыза отырып, сондай-ақ оның іс-әрекетін ауырлататын мән-жайлардың болмауын есепке алды», - делінген облыстық соттың хабарламасында.


Сот жүргізушіні 5 жылға бас бостандығынан айырып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, одан жәбірленушілер үшін өтемақы қорына 15 АЕК міндетті төлем өндіріледі.