Ақтөбеде ресейлік нөмірлі көліктерді ұрлап сатқан топ ұсталды


Ақтөбеде алты іске қатысы болуы мүмкін деген күдікпен көлік ұрлап, сатқан топ анықталды.


Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аймақта көлік ұрлығына қатысты кешенді жұмыс жүргізіліп, көлікті ұрлап, сатып жүрген топ ұсталды.


«Екі жігіт түнде көпқабатты үйлердің ауласында тұрған ресейлік маркалы көліктерді айдап әкетіп, оны көршілес Батыс Қазақстанға апарып сатып отырған. Қазіргі кезде олардың алты көлікті ұрлағаны белгілі болып отыр. Барлық іс бойынша Қылмыстық кодекстің «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабымен сот алды тергеу жүріп жатыр», -деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.