Балаға күш қолданған ақтаулық тіс дәрігері 3 тәулікке қамауға алынды


Ақтау соты кішкентай балаға күш қолданған тіс дәрігерін қамауға алды, деп хабарлайды Lada.kz


Медициналық сараптама баланың жеңіл жарақат алды деген қорытындыға келді. 5 қарашада дәрігерге қатысты жаза шарасы таңдалды.


«Дәрігер өз кінәсін мойындады, біз оның іс-әрекетін ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды ескердік. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабына сәйкес үкім шығарылды . Дәрігер үш тәулікке қамауға алынды. Ол түрмеге қамалмай, тек айыппұл төлеуді өтініп отыр», - деді Ақтау әкімшілік сотының судьясы Алтай Қонысов.