Қазақстандықтар қай елге көп ақша аударады


Қазақстандықтар көбіне Ресей, Өзбекстан мен Түркияға ақша аударады, деп жазады Finprom.kz.


Қаңтар мен қыкүйек аралығында қазақстандықтан шетелге 506 миллиард теңге жыберген.


Қазақстаннан ең көп ақша Ресейге аударылған - 152,8 миллиард теңге. Одан кейін Өзбекстан – 104,4 миллиард теңге, үшінші орында Түркия – 65,1 миллиард теңге


Қазақстанға ақша аудару жағынан да бірінші орында Ресей тұр. Қаңтар мен қыркүйек аралығында көрші елден 102,6 миллиард теңге жіберілген.


Екінші орында Оңтүстік Корея - 49,1 миллиард теңге, үшінші де Өзбекстан - 22,5 миллиард теңге.



Айта кетерлігі Қазақстанға ақша аудару 43,5 пайызға азайған. Былтыр бұл көрсеткіш төрт есе көп болған.