Абаев: Экстремистік мазмұндағы 13 мыңнан астам материал жабылды


Қазақстан жыл басынан бері экстремистік мазмұндағы 13 мыңнан астам материалды жапты. Бұл туралы 6 қарашада Нұр-Сұлтандағы дінтанушылар форумында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.


«2019 жылдың басынан бері интернет-ресурс иелері мен сайт әкімшілігіне ұсыныс айтылып, 25 мыңнан астам заңға қайшы материал жойылды. Терроризм мен діни экстремизм идеологиясын насихаттаған 13 мыңнан астам материал жабылды», - деді Дәурен Абаев.


Ел билігі «экстремизмді насихаттаған сайттар мен материалдарды жыл сайын жою» туралы айтылғанмен олардың тізімі ешқашан жарияланбаған.