Зорланған оқушы туралы құжаттарды желіге жүктеген полицейлер жазаланды


Желіге қызметтік құжаттарды таратқан Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының тәртіп сақшылары қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.


«16 лауазымды тұлға, оның ішінде ІІБ бастығы да қатаң сөгіс алды. «Жасөспірімді зорлау» және «Өзіне қол жұмсау» баптары бойынша басталған қылмыстық істерді қатаң бақылауыма алдым», - дейді ШҚО полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Бақтыбаев.


Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында 7 жасар қызды зорлаған жігіт асылып өлгені хабарланған болатын. Мәйітті Шемонаиха полиция бөлімінің жедел қызметкерлері тапты. Бұған дейін бір әйел өзімен бірге тұратын жігіт 2012 жылы туған қызының дәрменсіз күйін пайдаланып, онымен жыныстық қатынасқа түсіп, содан кейін қашып кеткенін айтып, шағымданған. Және оның қылмыс жасау кезінде мас болғаны белгілі болған. 7 жасар қызды зорлаған ер адамның денесі табылды.


«Алдын ала болжам бойынша, ол өзіне қол жұмсаған», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.