Respublika қозғалысына Нұр-Сұлтанда митинг өткізуге рұқсат берілді


Respublika қозғалысының 9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында митинг өткізу туралы өтінішін әкімшілік мақұлдады. Бұл туралы қозғалыстың телеграмм парақшасында жазылды.


 «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы №506-1441 қаулысына сәйкес Сізге Жерұйық саябағының солтүстік-батысындағы алаңда 2019 жылғы 9 қараша күні сағат 14:00-ден 16:00-ге дейінгі аралықта бейбіт митинг өткізуге рұқсат берілді», - деп жазылған хатта.



Айта кетейік, 29 қазан күні Oyan Qazaqstan мен Respublika қозғалысы 9 қарашада Парламенттік республиканы талап ететін митинг өткізетіндері туралы хабарлаған.


Ұйым талаптары:⠀


  1. Барлық азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы
  2. Парламенттік республика жүйесіне көшу
  3. Шын мәніндегі жергілікті өзін өзі басқару жүйесі
  4. Сайлау жүйесінің реформасы
  5. Сот билігінің тәуелсіздігі мен заң үстемдігі
  6. Полицияның парламентке есеп беріп, қоғам мүддесіне қызмет етуі
  7. Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктердің дербестігі