Атыраудағы түрмеде сотталушы үйленді


Атыраудағы түрмеде сотталушы өзінің бостандықтағы қызына үйленді. Олардың айтуынша, жас жұбайлар бұл күнді көп күткен.

 

Думан Қайырғали (аты-жөні өзгертілген) бостандыққа шыққаннан кейін тойды үлкен көлемде атап өтпек.

 

«Ия, мен бостандыққа шыққанда да үйлене алатын едім. Әрине, мен жасаған ісіме өкінемін. Бірақ үйленгенімізге қуаныштымын. Мен бостандыққа шыққаннан кейін тойлайтын боламыз», - дейді ол.

 

Мекеме әкімшілігі мұндай шараны өткізуді игі іс деп санайды.

 

«Сотталушының неке қию рәсімі бостандыққа тез оралуға қосымша стимул береді, өйткені үйде біреудің күтіп отырғанын түсіну адамдардың өміріне деген сенімділік береді», - дейді білім бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірхан.

 


Сотталушы сонымен қатар, тұтқындарға арналған асханада жұмыс жасайды.