Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады


Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес мүшелері Азаматхан Әміртайды, Арман Шораев пен Айдос Сарымды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.


«Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» президенті Азаматхан Әміртаймен кездесу барысында еліміздегі экологиялық ахуал, халықтың экологиялық түсінігі мен мәдениетін арттыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.



«Қазақстан барысы» даму қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев Президентке ішкі және сыртқы туризм саласындағы кейбір қордаланған проблемаларды шешу жолдарын, қазақ күресін халықаралық аренада ұлттық бренд ретінде қалыптастыру жайындағы көзқарасын жеткізді.



Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесуде Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму перспективалары, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне оның әсері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен идеологиялық саясаты сияқты мәселелер қозғалды.