2020 жылғы демалыс күндері ауыстырылды


Үкімет 2020 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.


Демалыс күні жексенбі, 5 қаңтардан жұма, 3 қаңтарға ауыстырылды. Яғни, қазақстандықтар Жаңа жылда 1, 2, 3, 4 қаңтар қатарынан төрт күн демалады. Ал 5 қаңтар, жексенбі жұмыс істейді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 4 қаңтар да – жұмыс күні.


Сондай-ақ, мамыр мен желтоқсан айындағы демалыс күндері де өзгертілді.


Демалыс күндері:



Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.