Димаштың Нью-Йорктегі концертіне барлық билет сатылып кетті


Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Нью-Йоркте өтетін концертіне барлық билет 1,5 айдың ішінде сатылып кетті, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі.


Билеттер 13 қыркүйектен сатылымға шығарылған болатын. Нәтижесінде 1,5 айдың ішінде 7000 мың билет сатылып кеткен. Оның 75%-ін америкалықтар сатып алған көрінеді.


"Мұндай ажиотаж Димаштың талантты екенін білдіреді. Сондай-ақ, әртістің шығармашылығына басқа ұлт өкілдері үлкен қызығушылық танытатынын көрсетеді", - делінген хабарламада.


Жанкүйерлердің сұранысына сәйкес, TIcketmaster.com сайтында Димаштың Нью-Йорктегі өтетін концертіне қосымша тағы 2000 билет сатылымға шығарылады.


"Бұл – фан-зона мен шеткі қатарлардағы орындар. Шоуға билет алып үлгермегендер үшін тағы бір мүмкіндік бар", - делінген хабарламада.