Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының 9 қарашада өтетін айқасын «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсететін болды.


«10 қараша күні «Хабар» арнасы жекпе-жекті тікелей эфирден көрсетеді. Жеңісті күнде жолыққанша», - деп хабарланды Janibek_alimkhanuly_team парақшасында.


Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін 9 қараша күні 39 жастағы канадалық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізеді.


26 жастағы қазақстандық боксшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) қорғайды.


Ол соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғаған болатын.