Головкинның ресми түрде келесі қарсыласы белгілі болды


Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық боксшыны орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін қорғауға міндеттегенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.


Головкиннің келесі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген поляк боксшысы Камил Шеремета болмақ.


Жекпе-жек ақпан айының (8-і немесе 29-ы), Чикагодағы (АҚШ) Wintrust Arena-да өтетін болады.