Бүгін Алматыда техникалық дабыл қағылады


Бүгін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2019 жылғы 07 қарашада жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.


«Тексеру электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы хабар беру қарастырылуда», делінген хабарламада.


Әр айдың бірінші бейсенбісінде сағат 12:55-те, мерекелік күнге сәйкес келген жағдайда келесі бейсенбіге калдырумен құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі.


Осыған байланысты Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады.


Айта кетейік, Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін «Darmen» мобильді қосымша іске қосылды.


Ол бірнеше секундтың ішінде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлардың /дауылды ескерту, жер сілкіну және т.б./ туындау қаупі мен пайда болуы туралы халықты хабардар етеді. Мобильді қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфондар мен планшеттер иеленушілері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктей алады.


Аталған қосымшаны дүкендерден App Store, PIay Market мобильді телефондар қосымшасы үшін «Darmen» -деген атпен жүктеуге болады.