Нұр-Сұлтанда ЖШС директоры театрды жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған


«Астана-Көкше» ЖШС директоры М.Горький атындағы орыс драма театрының жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражатты иемденгені үшін күдіктелуде, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.


«Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша «Астана-Көкше» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол «М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МҚКК ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 млн теңге сомасындағы қаражатты иемдену жолымен жымқырғаны үшін күдікке ілінді», делінген хабарламада.


Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.