Алдағы күндері ауа райы қандай болады


Синоптиктер 9-11 қараша күндерге ауа райы болжамын айтты, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.


Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын жауып, көктайғақ болады.


"Демалыс күндері Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта атмосфералық фронттардың жылжуымен көптеген облыста жауын-шашын, қар жауып, көктайғақ және тұман болуы мүмкін., Атлантикалық жылы ауа массаларының батыс бағытта тасымалдануы біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады, соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массаларының келуімен республика бойынша күн суытады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.