Кәмелетке толмаған балалар Іле Алатауы паркінің аумағын өртеп жіберді


Кәмелетке толмаған жасөспірімдер Іле Алатауы ұлттық паркінің Түрген аумағындағы жерді өртеп жіберді.


«Іле Алатауы мемлекеттік мекемесі Түрген бөлімшесінің хабарлауынша, 27 қазанда Есік орман шаруашылығында 2 жерден өрт шыққан. Өрт 1,5 га аумақты шарпыды. Орманда біреулер қасақана от жаққаны анықталды», - делінген ұлттық парктің Facebook-тегі парақшасында.


Түрген бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы Е.Қыдыров оқиға орнында болған 5 адамды ұстаған. Олар Есік қаласының кәмелетке толмаған жасөспірім тұрғындары болып шықты.


Олардың ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне шақыртылды. Ата-аналар түсініктеме жазып, балаларының тауда от жаққанын растаған.