Бішкекте тапа-тал түсте үш жарылыс болды


Қырғызстан астанасы Бішкекте тапа-тал түсте үш жарылыс болды. Салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Khabar.kg.


Бүгін Шу мен Еркіндік даңғылдарының қиылысында шамамен 13: 38-13: 39-да алғашқы жарылыс, біраз уақыттан кейін тағы екі жарылыс болды. Оқиға орнында милиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметі шақыртылған.


Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аталған көшеде орналасқан "Антошка" кафесінде болған жарылыстан мекеменің қызметкері қайтыс болған.


Бұдан бөлек, 13 адам жарақат алған. Оның 3-еуі бала.


Үш бала жедел жәрдем көлігімен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді, дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаторлық емделуге жіберілді.


«Тоғыз адам Бішкек Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу орталығына жеткізілді, олардың жағдайы бойынша қосымша ақпарат берілетін болады», - деп мәлім еткен Қырғыстан Денсаулық сақтау мининстрлігінен.


Бішкек ҚІІБ-ның алдын ала мәліметтеріне сәйкес, кафенің ішінде шамамен 10 минут ішінде газ баллондарының екі жарылысы орын алған.


Қырғызстанның премьер-министрі Мұхаммед Әбілғазиев Денсаулық сақтау министрлігіне өрттен зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдарға жарылыс пен өрттің себептерін мұқият тексеруді тапсырды.


Министрлік түстен кейін жарылыстан кейін өртенген дәмханадағы өртті сөндіргенін хабарлады.






Министрлік түстен кейін жарылыстан кейін өртенген дәмханадағы өртті сөндіргенін хабарлады.