Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлерге бірыңғай төлем белгіленеді


Қазақстандық ардагерлерге Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай бір реттік төлем мөлшері белгіленеді. Бұл туралы үкімет үйінде премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жеңістің 75 жылдығын атап өту ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.


Жеңістің мерейтолық жылында мынадай іс-шаралар жоспарланған:






Жоспар жобасында барлығы 67 іс-шара қарастырылған. Бердібек Сапарбаев әрбір облыста Жеңістің мерейтойлық жылын атап өтуге дайындық жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру қажеттігін айтты.


Сонымен қатар, вице-премьер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне бірдей бір реттік төлем сомасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды.


«ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, тарихи миссияны орындап, фашизмді жеңуге үлес қосқан қазақстандықтарды ардақтау жалпы мемлекеттік ауқымдағы шара. Біз күш-жігерімізді оларды жан-жақты қодлдауға бағыттауымыз қажет. Ешбір ардагер назардан тыс, қамқорлықсыз қалмауы тиіс», - деді Сапарбаев.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы ардагерлерге 542 мың теңге, Нұр-Сұлтандағы ардагерлерге 519 мың теңге, Ақмола және Павлодар облыстарындағы ардагерлерге 500 мың теңге төленген. Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағыларға -300 мың теңге, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкенттегі ардагерлерге 250 мың теңгеден берілген. Қостанай және Жамбыл облыстарындағы ардагерлер 150 мың теңгеден алған.