Тоқаев француз саяси қайраткері Жак Атталиді қабылдады


Қасым-Жомарт Тоқаев француздың белгілі саяси қайраткері, «Attali and Associes» ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.


Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары, соның ішінде Франция Президенті Эммануэль Макронның алдағы уақытта Қазақстанға жоспарланған ресми сапарының барысы талқыланды.


Француз саясаткері Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.


Айта кетсек, Қазақстан президенті «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барған болатын.


Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Владимир Путинмен кездесті. Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.


Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасаған.