Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы: Қазақстанда айтарлықтай жемқорлық жоқ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, Қазақстанда «аса үлкен сыбайлас жемқорлық жоқ». Негізінен елімізде ұсақ шенеуніктер арасында жемқорлық жиірек кездеседі. Олар шамамен 83 мың теңге мөлшерінде пара алатын көрінеді.


Алматыда «Адалдық алақаны» деп аталатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің форумы өтті. Оған қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев қатысты.


«Кейбіреулер неге резонанс тудыратын тұтқындаулар болып жатқан жоқ деп сұрайды. Білесіз бе, бәрі өзгеріп жатыр. Соңғы жылдары біз екі экс-премьер-министрді, 17 орынбасар мен әкімдерді жауапқа тарттық. Елде ауыз ашып айтатын жемқорлық жоқ. Сотталғандардың 75 пайызы - ұсақ шенеуніктер, олардың орташа пара мөлшері - 83 мың, ал басшыларда - орташа есеппен 820 мың теңге мөлшерінде», - деді Шпекпаев.


Сонымен қатар, Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте қанша адам жұмыс жасайтынын айтты:


«Кеше маған азаматтық қоғамның бір өкілі келді. Мен одан: «Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі қанша қызметкер бар деп ойлайсыз?» деп сұрадым. Ол: «мүмкін, 30 мың» дейді. Қазіргі таңда біздің агенттікте 1305 адам жұмыс жасайды»,-деп жауап берді агенттік басшысы.