Алматыдағы алып тиін бұзылатын болды


Алматыда Атакенттегі алып тиін бұзылатын болды. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Эрнар Құрмашев айтты.


Оның айтуынша, тиінді бұзу туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей тапсырма берген.


«Тиінді өртейміз деген шешім бар еді. Бірақ, өртемедік. Аудан әкіміне арт нысанды бұзу туралы тапсырма берілді. Жалпы жартылай қираған, эстетикалық түрін жоғалтқан барлық шағын архитектуралық пішіндер бұзылады. Бұл қала әкімінің тікелей тапсырмасы.


Жақында көптеген арт нысандардың, кіші архитектуралық пішіндердің аудиті жасалды. Қаланың келбетіне нұқсан келтіретін нысандар суретке түсірілді», - деді Эрнар Құрмашев.


Мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, алдағы уақытта қаладағы әрбір арт нысанды орнатарда көркемдік кеңес шақырылатын болады.