Солтүстік Қазақстанда қыз бен жігіт орманда асылып қалды


Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Ленин ауылының маңындағы орманнан асылып тұрған қыз бен жігіттің денесі табылды.


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласындағы колледждің 16 жасар студенті және Талшық ауылының 23 жастағы тұрғыны өздеріне қол жұмсаған.


«Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан қыз бен жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Олар хатты туыс-туғандарына арнап жазған. Сонымен бірге орманда жігітке тиесілі ВАЗ-2109 автокөлігі де болды»,- деп мәлім етті полиция департаментінен.


Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.