Алматы мен Нұр-Сұлтанда Oyan, Qazaqstan және "Республика" қозғалыстары митинг өткізді



9 қарашада Алматы мен Нұр-Сұлтанда Oyan, Qazaqstan және "Республика" қозғалыстары Парламенттік республиканы талап ететін митинг өткізді . Алматыда Абай ескерткішінің алдында Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысының митингісі түскі екіде басталды. Бұл туралы оқиға орнынан HOLA News тілшісі хабарлайды.


Жастар митингіде "парламенттік республика", "бірігетін кез келді" деген жазуы бар плакаттар ұстап, "Оян, Қазақстан!", "Фальсификацияның орнына - адал сайлау, авторитаризмнің орнына-парламенттік республика", "Алыптың қуаты - халықта, Халықтың қуаты - бірлікте" деп айқайлады. Сондай-ақ, саяси тұтқындарды босатуды талап етті.



Сонымен қатар, жиналғандар мынадай талаптар қоюда:





Митингіде сөйлеген"Oyan, Qazaqstan" қозғалысының мүшесі белсенді Димаш Әлжанов Қазақстанда президент өкілетін қысқартып, мемлекет парламенттік формаға өтуі тиіс екенін айтты.


"30 жыл бойы билік әуелі - экономика, содан кейін саясат деп айтып келді. Бұл саясат бізді тығырыққа тіреді. Сол сөзді айтқандардың аты-жөні қазір Forbes журналына енген. Біз осы күннің туатынына сенуіміз керек. Ертең бұл күн туады. Сондықтан бүгін орнымыздан қорықпай, нық тұруымыз керек",- деді Әлжанов.


Әлжановтың ойынша, Қазақстан "сыбайлас жемқорлық пен тиімсіз басқару саясатына әбден батқан".


"Бұл елді ауру жайлаған. Аурудың аты-диктатура. Саяси реформалар жүргізу арқылы біз бұл ауруды емдей аламыз. Негізгі билік - Парламентте болуы тиіс. Өйткені, бір диктатордың орнына басқа біреуі келуі мүмкін", - деді Әлжанов.



Сондай-ақ, белсенділер билік органдарында либералды еркін жастартардың жоқтығына наразылық білдірді.


"Нұр-Отандықтар, біз сіздердің бізді бақылап жүретіндеріңізді білеміз. Сіздер біздің ең адал көрермендеріміз екендеріңізге қуаныштымыз. Мұнда жақын жерде өкілдеріңіз бар екеніне сенімдіміз. Сіздердің партияларыңыз, дәл көшасшыларыңыз сияқты", - деп айқайлады митингілердің бірі.


Бір сағаттан кейін митингіге қатысушылар Республика алаңына қарай "Оян, Қазақстан" деген желеумен жүріп кетті.


Оларды полицейлер мен штат қызметкерлері қадағалауда.





Нұр-Сұлтанда "Республика" қозғалысының митингі "Жерұйық" саябағында өтті.


Қозғалыс жетекшілерінің бірі Белла Орынбетова "мемлекетті бір адамның басқаруы елді тығырыққа тірейтінін" айтты.


Ол сайлау және сот жүйесін реформалау қажеттігін, билік тармақтарының дербестігі маңызды екенін, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы қажет екенін айтты. "Полицияның парламентке есеп беріп, қоғам мүддесіне қызмет етуі керек" деді ол.


"Біз Қазақстандағы авторитарлы жүйені толығымен ауыстыруға тиіспіз. Тек содан кейін ғана бізде қандай да бір өзгерістер болады. Содан кейін ғана парламенттік республика мен әділ сайлау болады. Қазақстанда диктаторлық режим тұрған кезде полиция азаматтық белсенділер мен патриоттарды қудалай береді, саяси тұтқындар түрмеде отыра беретін болады. Қазіргі кезде сайлау мен референдум туралы сөйлесу - тек бос әңгіме",- дейді спикерлердің бірі.


Митингілер басталар уақытта құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook желісінде белсенді Асхат Жексебаевты полицияның Әуезов аудандық полиция бөлімшесіне алып кеткенін айтты.



Фото: Айнұр Халиолла