Таразда техникалық супермаркет өртеніп кетті


Тараз қаласында «Эврика» техникалық супермаркеті өртеніп кетті. Өрт 1 187 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды ktk.kz.


Түнде "101" пультіне Сәтпаев көшесіндегі "Эврика" супермаркетінің екі қабатты ғимараты өртенгені туралы ақпарат түскен. Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жаумен күресуге 84 өрт сөндіруші мен 19 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт сағат 03:31-де ауыздықталған.



Қазір мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Полиция супермаркет территориясын қоршауға алған.