Әзербайжан парламенті тарады: Елде кезектен тыс сайлау өтеді


Милли Межилис (Әзербайжан парламенті) өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді 99 депутат қолдаған. Кеше 2 желтоқсанда парламент ел президенті Илхам Әлиевке кезектен тыс сайлау өткізуді ұсынды, деп хабарлайды РИА НОВОСТИ.


Дауысқа салу алдында парламент спикері Октай Асадов «Жаңа Әзербайжан» билік партиясының үндеуін оқып берді.


«Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің соңғы айдағы саяси реформаларын, үкіметтегі, орталық және жергілікті органдағы өзгерістерін халық жоғары бағалап жатыр. Парламентте ел президенті Әлиевтің реформасынан қалыс қаламауы тиіс», - деп жазылған үндеуде.


Елде кезекті парламент сайлауы 2020 жылы қарашада өтуі тиіс болатын. Енді кезектен тыс сайлау қашан өтетінін тек президент Әлиев шешеді. Тек парламент таратылғаннан кейін үш ай ішінде өткізілуі керек.


Әлиев билікке 2003 жылы әкесі Гейдар Әлиев қайтыс болмай тұрып келді, ол 1993 жылдан бері елді басқарып келеді.