Тұңғыш рет: Қазақстанда 4 педофилге жарты жыл кастрация жасалады


Қазақстанда 4 педофилге химиялық кастрация жасалып жатыр – процедура бір реттік емес, жарты жылға созылады, деп жазады Tengrinews.kz.


ІІМ ҚАЖК қазір сот шешімі бойынша кастрация шарасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қолданылып жатқаны айтты.


"Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары және Шымкент қалаларындағы ҚАЖ мекемелерінде төрт сотталушыға аумақтық денсаулық сақтау органының медицина қызметкерлері тексергеннен кейін химиялық кастрация түрінде мәжбүрлеп емдеу қолданылады", - делінген хабарламада.


ҚАЖК мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 11 сотталған адам химиялық кастрация түрінде мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы сот қаулысымен келген.


Қатысты химиялық кастрация жазасын өтеу орны бойынша орындалады. Құқықтық статистика комитетінің ақпараты бойынша, елде екі жыл ішінде 15 адамға қатысты химиялық кастрация түріндегі үкімі шығарылып, заңды күшіне енген. Одан жалтарған жағдайда ҚР ҚК-нің 427-бабында бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.


Процедура сот-психиатриялық сараптама нәтижелері бойынша сот шешімі негізінде жүргізіледі. Колонияға келген сотталғандарды дәрігерлік-консультациялық комиссия қарайды, ол азаматтық денсаулық сақтаудың медициналық бейінді мамандарынан (эндокринолог, уролог, психиатр және терапевт) тұрады.