Қызылордадағы жол апаты: Тоқаев қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты


Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.


«Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс»,-деп жазды президент twitter-дегі парақшасында