Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды


ҚР Президенті әкімшілігі мен Тараз қалалық мәслихатының келісімімен Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.


Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов қала активіне жаңа басшыны таныстырды.


Айтқазы Қарабалаев 1966 жылы туған, білімі жоғары. Осыған дейін Жуалы, Талас аудандарының әкімі, бүгінге дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры болып қызмет атқарған.