Теміртауда екі қыз бала балалар үйінен қашып кеткен


Теміртаудағы балалар үйінен екі жасөспірім қыз бала қашып кеткен. Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық Полиция департаменті растады.


Полицияның мәліметінше, 2003 және 2006 жылы туылған екі жасөспірім балалар үйінен қашып кеткен. Жасөспірімдердің суреті бар ақпарат temirtau.today парақшасында жарияланған.


Облыстық ІІД баспасөз қызметі кәмелетке толмағандарды іздестіру үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асырып жатқанын айтты.