Садриддиннің келесі жекпе-жегі қашан және кіммен өтетіні белгілі болды


Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедовтің келесі жекпе-жегі 7 желтоқсанда өтеді.


«Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясының хабарлауынша, ол Канаданың Монреаль қаласында аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен кездеседі.


Боксшылар Давид Лемье мен Макс Бурсактың айқасының андеркартында айқасады.


«Садриддин Ахмедов өзінің жеңіс сериясын жалғастыруды көздесе, Хосе Антонио Вильялоблос оған тұңғыш рет жеңіліс дәмін татыруға тырысады. Ахмедов – туа біткен дарын иесі, техникалық әбжілдігімен, күш-қуатымен танылған ерекше боксшылардың бірі. Бұл айқаста «Q сарбазы» мен аргентиналық «Цунамидің» текетіресін көресіздер», - делінген «Eye of the Tiger Management» компаниясының хабарламасында.