2020 жылы Минск-Ақтау әуе бағыты ашылады


2020 жылдың жаз айынан бастап Миниск - Ақтау бағытында аптасына үш рет тұрақты рейс қатынайды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.


2 желтоқсанда қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде "Белавиа" әуе компаниясы Минскіден Алматыға рейстерді аптасына 5-тен 7 рейске дейін ұлғайтпақ.


«Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді»,-делінген хабарламада.