«Қайраттың» әйгілі жаттықтырушысы қайтыс болды


«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы және әйгілі жаттықтырушысы Леонид Остроушко 84 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақ КСР-нің, Ресей мен Өзбекстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Леонид Остроушко 1936 жылы 10 тамызда Украина КСР-нің Запорожье облысында дүниеге келген.


Балалық шағы Алматыла өткен футболист, мансабын «Қайратта» футбол клубынан бастаған. Жартылай қорғаушы негізгі лигада 200 матч өткізген.


1968 жылы Остроушко бапкер қызметін бастады. Кеңес жылдарында ол «Қайрат», «Қарағанды» және «Целинник» командаларымен жұмыс істеген. КСРО ыдырағаннан кейін Остроушко Қазақстанның Олимпиадалық құрамасын, «Есіл-Богатырьды», «Қайратты», ресейлік «Смена-Сатурн» мен «Спартак-Орехово» клубтарын, өзбекстандық «Навбахоры» мен «Дустликті» және Өзбекстан құрамасын және беларусьтің «Динамосын» басқарды.