Қазақстандықтарға тегін дефис арқылы жазуға рұқсат берілді


Қазақстандықтарға тегін дефис арқылы жазуға рұқсат берілді. Бұл туралы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексте көрсетілген.


Кодекстің 63-бабы бойынша ("Баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы") енді: 


Баланың атын өзара келісім бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері береді. Әкесінің аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің тілегі бойынша оның әкесі болып көрсетілген адамның аты бойынша беріледі.


Бөлек жазылған жағдайда қосарланған ат беруге рұқсат етіледі, бірақ ол екі аттан аспауға тиіс.


Әкесінде қосарланған ат болған жағдайда, балаға әкесінің аты ретінде олардың біреуі не әкесінің екі аты бірге жазылып беріледі.


Әкесі атын өзгерткен кезде - оның кәмелетке толмаған баласының, ал кәмелетке толған бала бұл туралы өтініш берген кезде, оның әкесінің аты өзгереді.