Қырғызстан Қазақстанға шағым түсірді


Қырғызстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) Қазақстанға шағым түсірді. Көрші мемлекет Қазақстанның шекара аймағындағы тексерулер жүк көліктердің жаппай жиналуына себеп болуда деп хабарлады.


Сонымен қатар, Қырғызстан Қазақстанның халықаралық сауда ережелерін бұзып жатқанын және сақталмайтынын хабарлады. Бұл Қырғызстанның үшінші елмен сауда қатынасына зиянын келтіруде екенін айтты.


11 ақпанда Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымының сауданы жеңілдету жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Оған Қырғызстан экономика министрінің орынбасары Эльдар Алишеров және ДСҰ мәселелері бойынша Экономика министрлігінің өкілдігінің басшысы Нұрбек Мақсұтов қатысты.


Көршілердің сөзіне қарағанда, Қазақстан жүк көліктерін өткізу мен тексеру шараларын күшейткен. Бұл жүк көлігіктерінің он шақырымға дейін тұрып, шамамен 250 жүк көлігі тоқтап тұрғанын айтады. 

Holanews.kz