Қылмыстық атқару департаментінің жаңа басшылар кімдер


ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қылмыстық атқару департаментінің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.


«Тағайындалған басшылар бұған дейін облыстардың Қылмыстық атқару-жүйелерінде басшылық қызметтер атқарған және пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибеге ие екендігін айта кету керек», - делінген хабарламада.


Атап айтар болсақ:

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып әділет подполковнигі Шәмшиев Алмас Абжанұлы;

 

Алматы облыстық департаментіне әділет подполковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы;


Алматы қаласының департаментіне әділет подполковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы;


 Батыс Қазақстан облыстық департаментіне әділет подполковнигі Ізтілеуов Азамат Әбдіғалиұлы;


Қарағанды облыстық департаментіне әділет подполковнигі Такешов Ғазиз Әбікенұлы;


Солтүстік Қазақстан облыстық департаментіне Ахметжанов Рустан Серікұлы тағайындалды.

Holanews.kz