«Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасында жанжал шықты


Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары арасында өткен «Қайрат» пен ресейлік «Динамо» арасындағы матчта жанжал шықты.


Ресей клубының қорғаушысы Сергей Паршивлюк 79-минутта қазақстандық Руслан Жарлаевты ойын тәртібін бұзды деп ашуланған. Нәтижесінде футболшылар арасында жаппай қақтығыс болып, алаңға "Динамо" фанаттары шығып кеткен.



Оқиға салдарынан Жарлаев пен Паршивлюк «Қайраттың» қақпашысы Стас Покатиловпен бірге сары қағаз алды, ал серіктесінен кек алуға барған босниялық «Динамо» қорғаушысы Тони Шунич алаңнан қуылды.


Матч 1: 1 есебімен аяқталды. 57-минутта Үсеновтың қақпасына «Динамо» 72-ші минутта Сильвестр Игбунның добымен жауап берді.

Holanews.kz