Алматылық тиын басқа жерге көшіріледі


Алматылық тиынды басқа жерге ауыстырылады. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов айтты.


Әкімнің айтуынша, мүсін толықтай қайта жөндеуден өтетін болады. Бұл шешім қоғамдық пікірді ескере отырып қабылданған. Тиын наурыз айында «Атакент» аумағына көшіріледі.


Алтай Рахымбетов сонымен қатар «Атакент» алдындағы аумақты жабдықтау үшін эскиздік ұсыныстар әзірленіп жатқандығын айтты.


Осыған дейін, тиынды жасаушылар краудфандинг арқылы 10 миллион теңге жинамақшы болған еді. Олар мүсіннің сыртқы қабығын қайта өңделген пластик тақталармен алмастыруды ойлаған. Бұл ұсыныс бойынша жоба авторлары мүсіннің бірнеше эскиздерді де ұсынды.



Holanews.kz