Алматыда 25 жастағы үй тонаушы ұсталды


25 жастағы қарақшы микрокредиттік ұйымдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.


Оған алты қылмыстық факт бойынша айып тағылуда. Атап айтқанда, Алматы қаласының Бостандық және Түрксіб аудандарында орналасқан микрокредиттік ұйымдарға  шабуыл жасағаны және бес тонау фактісі.


Ол соңғы тонауды пышақ арқылы жасаған.


«Күндіз ол ұйымның кеңсесіне барып, кассирден басқа ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, қорқыту арқылы 125 мың 500 теңге ақшаны иемденді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктіні ұстадық. Қазір сотталушы ұсталып, қамауда отыр », - деді Алматы қалалық ДП криминалдық полиция бөлімінің бастығы Жанболат Зиадин.


Holanews.kz