Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Қазақстан алғашқы ондыққа кірді


АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан командасы алтыншы орында.


ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, әлем чемпионатының алғашқы күнінде ерлер мен әйелдер 5000 метрге жарысудан сынға түсті. Қазақстан командасы ерлер арасындағы командалық спринттен сынға түсті. Жарыс нәтижесі бойынша, жерлестеріміз 1:20,39 уақыт көрсеткішімен алтыншы орын иеленді.


Алтын жүлдені Нидерланд спортшылары, «күмісті» қытайлықтар, қола жүлдені Норвегия құрамасы қанжығаларына байлады.

Holanews.kz