Түркістан облысы әкімінің есебіне барған журналистті полицейлер әкетті


Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шүкеевтің халыққа есеп беру жинында бірнеше адамды полиция қызметкерлері ұстап әкеткен, деп хабарлайды Азаттық.


Олардың ішінде журналист Амангелді Батырбеков те бар.


Журналисттің айтуынша, есеп өтіп жатқан залға кірейін деп жатқан Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері белгісіз себеппен күш қолданып, полиция автобусына салып алып кеткен. Полиция өзінен бөлек тағы бірнеше адамды ұстаған.



"Құрметті Тоқаев мырза! Бұл қандай мемлекет? Бұл не деген адам құқығын таптау? Мына тірлікті қолға алу керексіз. Бұл облыс әкімінің арнайы тапсырмасымен істелген дүние ме? Әлде мұны полиция істеп отыр ма? Бұны қалай түсінуге болады? Біз тұтқынбыз ма?",- деді журналист видеожазбаларының бірінде.


Журналистің өзі бірнеше рет Facebook-та тікелей эфирге шығып, бірінде өзін полицияның автобустан шығармай отырғанын, тағы бірінде көлікпен белгісіз жаққа апара жатқанын хабарлады.


Түркістан қалалық полициясы әзірге жауап бермеді.Түскі бірлер шамасында полицияның Батырбековті Шымкентке апара жатқаны белгілі болды. Оның не үшін ұсталғаны белгісіз.

Holanews.kz