Тоқаев Германияға барды


Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына екі күндік жұмыс сапарымен барды. Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады.


Президенттің бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.


Аталған Мюнхен конференциясына 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар, Еурокомиссия өкілдері, сондай-ақ Еуропалық парламент депутаттары қатысады деп күтілуде.


Конференция күнтәртібінде «ЕО мен НАТО болашағы», «Киберқауіпсіздік», «Денсаулық сақтау мәселелері», «Сауда соғыстары мен санкциялар», «Жалған ақпарат, насихат пен күмәнді жаңалықтар», «Қытай рөлі мен ЕО-ның Ресеймен және АҚШ-пен қатынасы», «Таяу Шығыстағы ахуал» тақырыптары талқыланбақ.


Holanews.kz