Теннистен әйелдер ұлттық құрамасының капитаны сайланды

Ярослава Шведова


Ярослава Шведова теннис бойынша әйелдер ұлттық құрамасын капитаны болып сайланды.Ол өзінің мансабын ойын жаттықтырушысы ретінде де жалғастырады, деп хабарлайды теннис клубының баспасөз қызметі.


 «Мен үшін теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың ұлттық құраманын басқаруға ұсыныс алу үлкен мәртебе. Бұл өзімді жаңа бағытта дәлелдеуге керемет мүмкіндік. Бір уақытта капитан да, ойыншы да болуым керек. Сонымен бірге бұл үлкен жауапкершілік. Мен барлық күш-жігерімді саламын. Федерация басшылығының үмітін ақтаймын », - деді Ярослава Шведова.


2020 жылдың басында спортшы егіздерді дүниеге әкелгеннен кейін кәсіби турға оралды және 7-8 ақпанда Бельгияда өткен Қазақстан құрамасында федерация кубогының іріктеу матчына қатысты.


Holanews.kz