Денсаулық сақтау министрі коронавирустың пайдасын атады


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлемде коронавирус таралғалы бері қазақстандықтар жеке гигиенаны қатаң сақтап жүргенін айтты. Соның арқасында елде тұмаудың көрсеткіші төмендеген.


«Иә, қазірдің өзінде халықтың сақтық шараларын барынша сақтап жүргені байқалады. Себебі дәл осы уақытта жыл сайын респираторлық және вирустық аурулардың мауысымы басталатын. Биыл тұмаудың көрсеткіші төмендеп отыр. Міне, осындай бір оң нәтиже бар», - деді Біртанов.


Министр халықты бұқаралық шараларды шектеу тәртібін дұрыс түсінуге шақырды.


«Қазіргі кезде «үкімет шектеу шараларын енгізу арқылы жалпыұлттық карантин енгізіп отыр» деген пікір бар. Олай емес. Бұл жерде көпшілік және мерекелік шараларға ғана тыйым салынады. Барлық қоғамдық орын жабылады деген әңгіме жоқ. Мемлекет басшысы да шағын және орта бизнес жұмыс істеуі керек деді. Сондықтан үйірме, секция және тағы басқа жерлерге баруға болады. Бұқаралық шаралар ғана уақытша тоқтатылады», - деді министр. 







Holanews.kz